Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату

Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату дегеніміз төмендегі мән-жайларға байланысты ерлі-зайыптылар арасында заңдық қатынастардың тоқтатылуы болып табылады:

- өздеріне байланысты емес мән-жайлар салдарынан - қайтыс болу, олардың біреуін қайтыс болған деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тану;

- некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу жолымен ерлі-зайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде.

 

Ерлі-зайыптылар арасында некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуы ата-аналар мен осы некеде (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалар арасындағы құқықтық қатынастарды үзбейді және тоқтатпайды.

 

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу екі тәртіпті жүреді:

1) Сот арқылы;

2) Тіркеуші орган арқылы (АХАЖ).

 

Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу

Мына жағдайларда неке сот тәртібімен бұзылады:

1) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болған;

2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған;

3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарған;

4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болған жағдайларда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.

 

Тіркеуші органдарда (АХАЖ) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу:

Мына жағдайларда неке Тіркеуші орган арқылы бұзылады:

- 18-ге толмаған балалар болмаса;

- бір-біріне мүліктік талаптары болмаса;

- өзара келісім болса.

 

Кодекстің 17-бабының 2-бөлігіне сәйкес ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда мына жағдайларда бұзылады:

1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;

2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;

3) сот әрекет қабілеті шектеулі деп таныса;

4) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке (ерлі-зайыптылық).

 

Некені сот арқылы тоқтату кезінде талап арыз әзірленіп, Сот кабинеті арқылы тапсыру керек. Талап арызға жеке куәлік, неке куәлік және балалардың туу туралы куәлігін тіркеу қажет.

Сотқа талап арыз тапсырған кезде АЕК-тің 0,3 бөлігінде баж алымын төлейсіз.

Мысалы 2020 жылы Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 2778 теңге.

Некенi бұзу туралы талап қою арыздарынан баж алымы - 833,4 теңгені құрайды

 

Неке бұзу туралы сот шешімі қабылданған соң ол некенің бұзылғанын растайтын құжат болып табылады, оны Тіркеуші органға тіркеуге ұсынудың қажеті жоқ.

Сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жер бойынша, сондай-ақ неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеген жер бойынша тіркеуші органға жіберуге міндетті.

 

Соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы заңды күшіне енген шешімі тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуге жатпайды.

Ерлі-зайыптылар соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жаңадан некеге отыруға (тіркелуге) (ерлі-зайыпты болуға) құқылы.

FaLang translation system by Faboba