Кредитіңіз Коллекторға өтсе, оған ай сайын ақша төлеп жатсаңыз нені білу керек?

Телефонмен хабарласқан Коллекторлық агенттік қызметкерінің айтуымен төлем жасауға болмайды.

Егер Сіз кредит бойынша Коллекторға төлеп жатсаңыз мыналарды жадыңызға тұтыңыз:

Төлем жасап жүрген түбіртектерді сақтаңыз. Терминалдың төлем түбіртектерінің көшірмесін жасап алыңыз. Әйтпесе олар өшіріліп қалады.

Төлем жасауды тоқтату керек;Сіздің қарыздың банктен Коллекторға өткен кездегі мөлшерін, есебін, бүгінгі күнге қарыздың мөлшерін анықтау керек.

Төлем түбіртектері сақтау арқылы төлем жасалғанын растай аласыз. Көбіне Коллекторлық компаниялар төлеп аяқтағаныңызға немесе төлеп жатқаныңызға қарамай сотқа беріп, қайтадан өндіруі ықтимал.

Төлем жасауды тоқтатудан қорықпаңыздар. Коллектор Сіздің қаразыңызды өсіре алмайды. Сіздің қарыз банктен коллекторға өткеннен кейін ол бойынша ешқандай пеня - өсімпұл өспейді. Сонымен өсіп кетеді екен деп қорықпаңыз.

Енді берешек жөніндегі анықтамаға келетін болсақ, оны тек жазбаша сұратып алдыру керек. Телефонмен айтқанға сенуге болмайды. Олар Сіздің сенімді теріс пайдаланады.

Егер, солардың айтқанына сеніп, қарызды төлеп жүре берсеңіз, солардың ойлап тапқан өсімпұлдарын да төлейсіз.

Олар өтірік өсіріп, артық ақша алуы әбден мүмкін.

Сондықтан нақты берешегіңіз қанша екенін анықтап алмай және дұрыс төлеп жүргеніңізге көз жеткізбей төлем жасамау керек. Телефонға сенуді доғару керек.

Берешектің мөлшерін анықтау жұмыстарын өздігіңізден жүргізе алмасаңыздар бізге хабарласыңыз.

Сондай-ақ Коллектордің қарызды төлеуді Сізден талап етуге нақты дәлелдері болу керек. Соған байланысты зерттеу жұмыстарын жүргіземіз.

Ондай дәлелдері болмаса Сіз төлем жасамауға құқылысыз.
Негізінен бұл жұмыстарды жүргізу оңай емес. Өзіңіз жүргізуге қиындық туғызады. Өйткені бұл салада заңгерлік білім мен практика керек.

Сондықтан біздің қызметті тұтынуды ұсынамыз және оның бағасы қымбат емес.
Оны бізге тапсыру Сізді көп проблемадан құтқарады.

FaLang translation system by Faboba