Алимент – дегеніміз бір адамның (оны алуға құқығы бар) екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражаты.

Ата-аналар 18-ге толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті.

Ата-аналар ажырасқанда балалар кімнің асырауында болса екінші тарап осы балалар үшін алимент төлеуге міндетті.

Әкесі немесе шешесі бірге тұрғанмен балаларды күтіп-бағуға көмектеспесе, балаларға қарап жүрген ата-ана сотқа арызданып, ажыраспай-ақ алимент өндіре алады.

Алимент өндіру «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 5-бөлімінде көзделген.

Алименттің мөлшері ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінен есептеледі:

1 балаға -  төрттен бір бөлігі (1/4);

2 балаға - үштен бір бөлігі (1/3);

үш және одан да көп балаға - тең жартысы (1/2)

Алиментті сот арқылы өндіру кезінде қажетті құжаттар:

1) Жеке куәлік - көшірмесі;

2) болса неке туралы куәлік - көшірмесі;

3) Балалардың туу туралы куәлік – көшірмесі;

4) Балалардың дені сау деген анықтамасы.

21 жасқа дейін күндізгі оқу нысанында оқитын балаларға алимент өндіруге Қажетті құжаттар:

1) жеке куәлік – көшірме;

2) туу туралы куәлік – көшірме;

3) оқитындығы туралы анықтама.

Ерлі-зайыптылар бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға қатысты алимент өндіруге болады.

Алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар адамдар:

1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының;

2) жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбының;

3) ортақ мүгедек баланы 18-ге толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда.

Жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жылға дейін алимент өндіру бойынша қажетті құжаттар:

1) жеке куәлік – көшірме;

2) баланың туу туралы куәлігі – көшірме.

Біздің компания алимент өндіру бойынша  құқықтық қызмет көрсетеді.

Мәселе бойынша сұрақ болса мына телефондарға WhatsApp-қа жазып қалдырыңыз:

Телефон / WhatsApp: 8 778 110 77 99

Шымкент бойынша

телефон / WhatsApp: +7 702 310 26 33

Арал қаласы бойынша

телефон / WhatsApp: +7 701 450 77 77

FaLang translation system by Faboba