Неке бұзу туралы сот шешімі қабылданған соң ол некенің бұзылғанын растайтын құжат болып табылады, оны Тіркеуші органға тіркеуге ұсынудың қажеті жоқ.

Сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жер бойынша, сондай-ақ неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеген жер бойынша тіркеуші органға жіберуге міндетті.

Соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы заңды күшіне енген шешімі тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуге жатпайды.

Ерлі-зайыптылар соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жаңадан некеге отыруға (тіркелуге) (ерлі-зайыпты болуға) құқылы.

Егер осындай мәселе бойынша сұрақтар туындаса мына нөмірлер бойынша WhatsApp & Telegram-ға жазуға болады:

+7 708 870 58 73

+7 778 110 77 99

FaLang translation system by Faboba